2022 жылдың 7-8 маусымында Қонаев қаласының "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-8 сынып оқушылары арасында "Балдәурен білгірі-2022" зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалардың ІІІ республикалық конкурсы өтті.
Мақсаты - бастауыш және орта сынып оқушыларының шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру.
Байқауда өңіріміздің 5 жас зерттеушісі «Туған жерге тағзым», «Ұлы даланың жеті қыры»және «Жаратылыстану ғылымдары» бағыттары бойынша зерттеу жобаларын ұсынды.
Республикалық қазылар алқасының құзыретті мүшелері біздің облыстың жас зерттеушілерінің жұмыстарын ерекше атап өтті.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша біздің облыстан қатысқан барлық оқушылар жеңімпаздар мен жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломмен - 4 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 1 қатысушы марапатталды.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының 7 сынып оқушылары Садуев Әмірәлі мен Сеилканов Ерасыл, оларға сондай-ақ «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама табысталды:
- Өскемен қаласы №46 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Құмарбекова Нұрай;
- Өскемен қаласы №46 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Бисетова Сая.
Өскемен қаласы №47 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Қабылқан Нұралиге ІІ дәрежелі диплом табыс етілді.
Республикалық конкурстың жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!