Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 3 мен 5 маусымы аралығында Қазақстандағы Балалар жылына арналған «Бақытты балалық шақ» балалар шығармашылығының облыстық балалар пленэрі өтті.
Пленэрдің мақсаты – өскелең ұрпақты өз шығармашылығы арқылы бейнелеу өнеріне баулу, туған өлкенің сұлулығына деген қызығушылықтарын ояту.
Пленэрге Шығыс Қазақстан облысының 14 пен 17 жас аралығындағы жас суретшілері қатысты. Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшелері қатысушылармен бірге өз тәжірибелерімен бөлісті.
Топ жетекшілері үшін Өскемен қаласы әкімдігінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің оқытушылары «Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылықты дамытудағы проективтік әдістердің АРТ-терапиясы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Пленэр қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
Бас жүлде – Смолякова Елизавета (Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК);
І орын – Ибраим Диана (Жарма ауданы, «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ);
II орын –Пашова Елизавета (Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК);
ІІІ орын – Әсетханова Ұлпан (Абай ауданы, «Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК).
Пленэр жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Қатысушыларға шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!





