+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Баскетболдан «Алтын доп» Республикалық ұлттық мектеп лигасының ашылуы (7-8 сыныптар)
03 Мау, 17:26

2022 жылдың 1-8 маусымы аралығында Өскемен қаласында М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебінің базасында Ұлттық Мектеп лигасының баскетболдан «Алтын доп» Республикалық жарысы өтуде.

Салтанатты ашылу рәсімі 2 маусымда ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы, ШҚО білім басқармасы өкілдерінің, Шығыс Қазақстан спорт ардагерлерінің, Қазақстан Республикасының жетекші спортшы-жаттықтырушыларының қатысуымен өтті.

Жарысқа Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының ұлдар мен қыздар командаларының мектеп, аудандық және облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.

Спортшыларға жарқын әсер, қызықты ойын және лайықты жеңістер тілейміз!