+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстандағы балалар жылына арналған «Бақытты балалық шақ» облыстық балалар шығармашылығының пленэрінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
03 Мау, 09:18
 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» ШҚО дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 3 - 5 маусым аралығында Қазақстандағы балалар жылына арналған «Бақытты балалық шақ» облыстық балалар шығармашылығының пленэрі өткізілуде.
 
Пленэрдің мақсаты – өскелең ұрпақты өз шығармашылығы арқылы бейнелеу өнеріне баулу, туған өлкенің сұлулығына деген қызығушылықтарын ояту.
Балалар шығармашылығының пленэріне қатысуға 14 пен 17 жас аралығындағы көркемдік бағыттағы қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары шақырылады.
 
«Пейзаж» Пленэрінің тақырыбы:
- Флора және фауна;
- Сәулет пейзажы.
 
Пленэрді Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшелері өткізеді:
 
Каратаев Андрей Васильевич - ҚР суретшілер одағының мүшесі;
 
Тұрғанбаев Ержан Сабырбекұлы - ҚР суретшілер одағының мүшесі, республикалық және халықаралық көрмелердің лауреаты;
 
Нұрсадықов Құдаш Дәулетқанұлы - ҚР суретшілер одағының мүшесі;
Исин Болат Кәрімұлы - ҚР суретшілер одағының мүшесі;
 
Агейкина Яна Леонидовна - ҚР суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы., өнертанушы.
 
Ильясова Диляра Алтынбековна- ҚР суретшілер одағының мүшесі, Шығыс Қазақстанның "Көшпенділер" шығармашылық даму және рухани-мәдени тәрбие қоғамдық қорының директоры.
 
Балалар жылы аясындағы шараларды жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін шақырамыз.
 
Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8/7232/701661, 8/7232/752691, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы.