+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қ. Сәтбаев атындағы Х аймақтық олимпиадаға қатысу қорытындысы
02 Мау, 18:48

2022 жылғы 27-30 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының жас зияткерлері Қ.Сәтбаев атындағы Х өңірлік олимпиадаға қатысты.

Олимпиада Павлодар облысында көрнекті отандық ғалым және ғылымды ұйымдастырушы, Ғылым Академиясының тұңғыш президенті академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің құрметіне өткізілді. Оқушылар математика, химия, биология, физика, география және информатика пәндерінен сайысқа түсті.

Олимпиадаға республикадан 26 команда, 162 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 3 қатысушы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

1) Семей қаласының дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Серіков Ислам;

2) Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Тұрсынхан Шыңғыс;

3) Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Хамитов Амир;

3 оқушыға жоғары жетістіктері үшін Қ. Сәтбаев атындағы Х аймақтық олимпиадасының грамоталары табысталды:

- Жанарбек Ақниет, Семей қаласының дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы;

- Уалиханов Ерасыл, Алтынғазы Алмас, Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушылары.

Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз!