+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына мұғалімдердің қатысу қорытындысы
22 Қаз, 11:03

2012 жылы 09 - 11 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының педагогтары Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайында өткен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің арасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына қатысып қайтты.

Конкурстың мақсаты – дарынды балаларға білім берудің жаңа педагогикалық мазмұнын, технологияларын және жаңаша ұйымдастыру түрлерін әзірлеу жұмысына мұғалімдерді тарту.

Конкурсқа облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізген облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Шығыс Қазақстаннан төмендегі білім мекемелері бойынша 21 мұғалім (14 авторлық бағдарлама) қатысты:

- облыстық дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-лицей-интернат;

- Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 үш тілде оқытатын мектеп-гимназия;

- «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқыту орталығының орта мектебі;

- облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған лицей;

- облыстық дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер мектеп-лицей-интернаты.

6 мұғалім жүлдегер атанды.

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегерлері

АЖТ

Білім мекемесі

Орын

 

Л.С.Айтбаева

Семей қаласындағы Шәкәрім ат. №5 ОҮТОМ

2

 

Ш.С.Баяхметова,

Г.М.Түсіпова

Семей қаласындағы Шәкәрім ат. №5 ОҮТОМ

3

 

Г.Б.Жұмабекова,

А.К.Қожахметова

Семей қаласындағы Шәкәрім ат. №5 ОҮТОМ

3

 

Б.Т.Есжанова

ДБА Ш.Уәлиханов ат. «Жас Ұлан» ОЕМЛИ

3

Жүлделі орын алған мұғалімдерді құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс, алдағы істеріне сәттілік тілейміз!