+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары еліміздің бас қаласында
02 Мау, 14:54

Нұр-Сұлтан қаласында Балалар жылы аясында зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен мәдени-танымдық экскурсия өтті.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні балалар Президенттің «Ақорда» резиденциясына, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, «Бәйтерек» Монументі мен «AILAND» отбасылық демалыс орталығында болды. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы мен астаналық циркті тамашалады.

«Ақорда» резиденциясында елорданың жас қонақтары Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар алды.

Оқушылардың айтуынша, бұл сапар олардың естерінде мәңгі қалады. Балалар өз әсерлерімен бөлісе отырып, осы шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.