+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Балалар жылына арналған Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар Форумы
01 Мау, 18:26

2022 жылдың 1 маусымында Балалар жылына арналған Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар Форумы өткізілді.

Іс-шара 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығару, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, дарынды оқушыларды марапаттау мақсатында өтті.

Форумға республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырылды.

Форум барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкәрімқызы Жумадилова форумға қатысушыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Өз сөзінде ол дарынды жастар кез келген мемлекеттің мақтанышы және болашақ олардың білімі мен жаңа идеяларына байланысты екенін, ал балалардың жетістіктері облыстың имиджі мен беделін қалыптастыратынын атап өтті.

Зияткерлік олимпиадаларда, спортта, шығармашылықта ерекше жетістіктер көрсеткен және патриоттық іс-әрекеттер жасаған үздік оқушыларға облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Облысымыздың зияткерлік құрама командасы биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында 30 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын медаль. Форум аясында республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің медальдары мен дипломдары берілді.

Форумға қатысушыларға грамоталар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Балалар өз әсерлерімен бөлісе отырып, жасалған жағдайлар үшін алғыстарын білдірді және оларға артылған үмітті ақтау үшін білім жолында алдағы уақытта да еңбек етуге сөз берді.