2022 жылдың 18-19 мамырында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен өткен «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық онлайн пән олимпиадасына қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.
Олимпиадаға Алматы қаласы, Қостанай, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының оқушылар командасы қатысты.
Қазақстан тарихын зерттеуде жоғары әлеуетке ие, зерттеу және жобалау қызметімен табысты айналысатын Шығыс Қазақстан облысының оқушылары республикалық онлайн-олимпиадада І жалпыкомандалық орынға ие болды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 7 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І дәрежелі – 1, ІІ дәрежелі – 3, ІІІ дәрежелі – 3).
І дәрежелі дипломмен Зайсан ауданы Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Вальсоны Лашын марапатталды;
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
– Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ғазезова Ләззат;
– Ұлан ауданы, Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Хадкан Назлы;
– Абай ауданы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Серікқызы Ақгүл;
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
– Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Тоқанова Әмина;
– Зайсан ауданы Х. Мұстафин атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Мәлікова Ақұлпа;
– Жарма ауданы №236 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мырзаканова Дана.
Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз!
