Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында 2022 жылғы 23-27 мамыр аралығында Өскемен қаласы, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі базасында шағын футболдан ұлдар арасында Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа 21 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы;
2 орын – Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі, Ұлан ауданы;
3 орын – С. Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі, Өскемен қаласы.
Номинациялар бойынша:
«Үздік ойыншы» - Баясылова Альбина, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, 3 курс студенті, Өскемен қаласы;
«Үздік қақпашы» - Кошкирбаева Рамина, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі, Ұлан ауданы;
«Үздік қорғаушы» - Әмірханова Айжан, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, 4 курс студенті, Өскемен қаласы.
I, II және III орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар - тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!