+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы командасының «Sportfest Kazakhstan» республикалық спартакиадасына қатысу қорытындысы
25 Мамыр, 11:02

2022 жылдың 17-22 мамыры аралығында Ақмола облысының Щучье қаласында өткен «Sportfest Kazakhstan» республикалық спартакиадасына Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы қатысты.

Спартакиаданың мақсаты – дене шынықтыру мен спортты дамыту, жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Мектеп оқушылары ӘҚС (әскери қолданбалы спорт түрлері), футзал (ұлдар), баскетбол (қыздар), үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен оқушыларымыз:

I орын - Назымқызы Айзада, «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ 8 сынып оқушысы, Абай ауданы (тоғызқұмалақ);

II орын - Дәулетқанов Сырым, «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ 8 сынып оқушысы (шахмат).

Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен (тау велосипеді мен самокат) марапатталды.

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!