2022 жылдың 18-20 мамыр күндері Алматы қаласында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық IV «Абайтану» олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада екі айналымнан тұрды:
1-айналым - Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу.
2-айналым - М. Әуезовтің «Абай жолы» романының мазмұны бойынша.
Республикалық олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 5 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен:
- Жарма ауданы Абай атындағы мектеп - балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Сүйгенбаева Наргиз;
- Абай ауданы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының» 11 сынып оқушысы Манарбекова Айзере марапатталды.
III дәрежелі дипломмен:
- Абай ауданы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының» 10 сынып оқушысы Джолумбетова Нұрай;
- Абай ауданы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының» 9 сынып оқушысы Қабдиева Баян марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!