2022 жылдың 18-20 мамыр күндері Алматы қаласында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық IV «Абайтану» олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада екі айналымнан тұрды:
1-айналым - Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу.
2-айналым - М. Әуезовтің «Абай жолы» романының мазмұны бойынша.
Республикалық олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 5 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Жарма ауданы Абай атындағы мектеп - балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Сүйгенбаева Наргиз марапатталды.
Наргизды, ата-анасын жәнк мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!