+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
20 Мамыр, 17:55

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2022 жылғы 16-19 мамыр аралығында Өскемен қ. «Алтай» стадионында ұлдар мен қыздар арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа 7-8 сынып оқушылары - аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

 Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:

Ұлдар арасында:

1 орын – облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің командасы, Өскемен қаласы;

2 орын – Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің командасы, Тарбағатай ауданы;

3 орын – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы, Өскемен қаласы.

Қыздар арасында:

1 орын – Таврия орта мектебінің командасы, Ұлан ауданы;

2 орын – облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің командасы, Өскемен қаласы;

3 орын – № 27 орта мектебінің командасы, Өскемен қаласы.

I, II және III орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар - тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!