+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы баскетболдан Ұлттық спорт лигасының қорытындысы
20 Мамыр, 17:50

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, студенттер арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 16-20 мамыр аралығында Өскемен қаласында Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында баскетболдан Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа 21 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімі студенттері (ұлдар мен қыздар) қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Номинация бойынша үздік ойыншылар:

- Үздік қорғаушы – Ардақ Айболат, 4 курс студенті, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы; Гаврилова Анастасия, 2 курс студенті, Өскемен экономика-қаржы колледжі;

- Үздік ойыншы – Прокаев Кирилл, 1 курс студенті, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Ларионова Ангелина, 1 курс студенті, Өскемен экономика-қаржы колледжі;

- Үздік орталық ойыншы – Щербинин Николай, 2 курс студенті, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Китаева Кристина, 1 курс студенті, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы.

Жалпыкомандалық жүлделі орындарға ие болғандар:

Ұлдар:

1 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжінің құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің құрама командасы;

3 орын – Өскемен қаласы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжінің құрама командасы.

Қыздар:

1 орын – Өскемен экономика-қаржы колледжінің құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің құрама командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!