+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстандағы Балалар жылына арналған жас құтқарушылар мен өрт сөндіру мектептерінің командалары арасындағы жарыстар қорытындысы
20 Мамыр, 10:49

Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп 2022 жылғы 19 мамырда «Өскемен қаласының №7 өрт сөндіру бөлімі» ММ базасында Өскемен қаласының жас құтқарушылары мен өрт сөндіру мектептерінің командалары арасында Қазақстандағы Балалар жылына арналған жарыс өткізді.

Мақсаты - өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа нысандары мен әдістерін енгізу, өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тіршілік қауіпсіздігі, дұрыс әрекет ету дағдыларымен таныстыру және оқыту.

Жарысқа жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-16 жас аралығындағы оқушылар қатысты.

Жарыс келесі номинациялар бойынша өткізілді:

- « Визиттік карточка»;

- « Өрт эстафетасы»;

- « Бұйым»;

- « Алғашқы медициналық көмек көрсету».

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ командасы, Өскемен қаласы;

2 орын – «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ командасы, Өскемен қаласы;

3 орын – «№ 22 орта білім беретін мектеп» КММ командасы, Өскемен қаласы.

Жарыс қорытындысы бойынша командалар I, II, III дәрежелі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен    құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!