+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы командасының «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалына қатысу қорытындысы
18 Мамыр, 14:40

2022 жылғы 4-6 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалына қашықтық форматта қатысты.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Алтай қаласының № 8 орта мектебінің оқушылары облыс атынан қатысты.

Ойынның мақсаты-қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейту, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс бағдарламасына келесі номинациялардан тұрды:

- саптық байқау;

- «Ұрпақтар ізімен...» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған сахналық әндер байқауы;

- белтемірге тартылу;

- арқада жатып денені көтеру;

- тарихи-іздестіру зерттеу жобасын қорғау;

- «Жауынгерлік парақ» байқауы (қабырға газеті);

- «әскери техника өз қолымен» сәндік-қолданбалы өнер байқауы;

- «алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз-викторинасы.

Ойын қорытындысы бойынша саптық байқау номинациясында Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық II орынға ие болды.

Тарихи-іздестіру зерттеу жобасын қорғау номинациясы бойынша Карина Сорокина I орын иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!