+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
2009-2010 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасының қорытындысы
22 Қыр, 06:58

ШҚО білім басқармасының 06.01.2010 ж. №03 бұйрығына сәйкес 2010 жылы 18-19 наурызда Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. cut

Шараны өткізу алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Олимпиаданы өткізу және даярлық жүргізу іс шараларының жоспары бекітілді. Облыстық денсаулық сақтау, санитарлық эпидемиологиялық, басқармаларымен, ішкі істер департаментімен бірлескен жұмыс үйлестірілді.

Ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты, балаларды Өскемен қаласына аудандардан әкелу мүмкіндігі болмағандықтан олимпиада аудандарда өткізілді. Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығынан алынған тапсырмалар салынған пакет 2010 жылы 18 наурызда сағат 09.00-де (1 айналым) және 2010 жылы 19 наурызда (2 айналым) сағат 09.00-де ашылғаннан кейін аудандық білім бөлімдеріне электронды түрде жіберілді.

Олимпиада өтетін орындарды анықтау кезінде білім мекемелерінің мүмкіндіктері мен пәндердің ерекшелігі ескерілді. Қалаға жақын орналасқан аудандар мен қалалардың оқушылары үшін олимпиада төмендегідей ұйымдастырылды: химия, биология пәндері бойынша 1-2 айналымдар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да, математика мен физикадан (1 айналым) С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бас ғимаратында, физикадан эксперименттік айналым С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 7-ғимаратында, информатикадан – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Интернет-кафесінде өткізілді.

Олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңіне облыстың 654 мектебінен барлығы 4702 оқушы қатысты. Олардың 1893-і – 365 ауыл мектебінен, бұл 56%-ды құрайды, 1893 оқушы - 279 қала мектебінен (42%); 3823 оқушы - қазақ тілінде білім беретін 296 мектептен (45,2%), 1298 оқушы - мамандандырылған 80 мектептен (12,2%). Аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім мекемелері республикалық олимпиаданың ІІ кезеңін ҚР БжҒМ белгілеген мерзімде өткізді.

Олимпиаданың ІІ кезеңінің нәтижесі бойынша облыстық қазылар алқасының қарауына 15 пәннен 956 жұмыс келіп түсті. Республикалық олимпиаданың Ережесіне сәйкес іріктеу кезеңіне әр сыныптан, әр пәннен үздік деп танылған үш жүлдегерлердің жұмысы жіберілді. Құрамында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, СМПИ, Шәкәрім атындағы СМУ, ШҚАУ, ҚАЕУ, ҚазИГЗУ, Семей қаласының ММУ ғалымдары бар білікті қазылар алқасы жұмыстарды мұқият тексергеннен кейін ұпайлар қойылып, облыстық кезеңге қатысуға әр сыныптан үздік жұмыстар іріктеліп алынды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ШҚО аудандары мен қалаларының 94 мектебінің 29 командасынан 435 қатысушы шақырылды (кесте).

 

Кесте – Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысушылар мен жүлдегерлерінің салыстырмалы сипаттамасы

 

Аудандар

2007-2008 оқу жылы

2008-2009 оқу жылы

2009-2010 оқу жылы

 

Обл. кезең

Обл. кезең

Обл. кезең

 

Қатысу

шылар саны

Жүлдегерлер саны

Қатысу

шылар саны

Жүлдегерлер саны

Қатысу

шылар саны

Жүлдегерлер саны

 
 

Өскемен қ.

38

27

27

24

42

32

 

Семей қ.

29

17

18

12

21

9

 

Риддер қ.

11

4

9

2

9

2

 

Курчатов қ.

1

0

2

1

2

1

 

Абай

6

4

9

4

14

7

 

Аягөз

11

6

15

10

21

7

 

Бесқарағай

1

0

1

0

4

2

 

Бородулиха

8

4

6

1

2

1

 

Глубокое

2

1

3

2

5

1

 

Жарма

2

1

3

1

9

3

 

Зайсан

12

8

20

8

14

6

 

Зырян

13

1

17

7

17

6

 

Катонқарағай

4

0

0

0

3

2

 

Көкпекті

1

0

1

0

3

0

 

Күршім

7

5

8

5

6

2

 

Тарбағатай

2

1

5

4

2

1

 

Ұлан

3

2

3

2

2

1

 

Үржар

1

0

2

1

3

2

 

Шемонаиха

1

1

1

0

2

0

 

Ш.Уәлиханов ат. "Жас Ұлан" ОМЕМЛИ

10

3

13

5

11

5

 

Өскемен ҚТЛ

37

32

50

36

47

34

 

Семей ҚТЛ

42

33

38

31

39

22

 

Жамбыл ат. ДБА ОММГИ

14

9

14

9

11

4

 

ШҚ ОАМЛИ

14

6

28

13

31

16

 

"Восток" ҒЗДОО

10

2

8

1

17

1

 

ДБА №34 ОММЛИ

24

6

28

14

26

12

 

ҚММФИМ

31

14

19

9

34

11

 

Шәкәрім ат.№ 5 МГ

 

 

8

5

11

4

 

ҚР ТП ФМБ ИМ

-

-

-

-

27

9

 

Барлығы:

335

187

356

207

435

203

 

 

Қазақ тілі мен әдебиетінен қазылар алқасы Өскемен қаласының №43 ОМ оқушысы Слямбеков Қымбат пен Жамбыл ат. ДБА ОММГИ оқушысы Қыдырбекова Іңкәрдің жұмыстарының тереңдігін, мазмұндылығын атап өтті.

Орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәніне олимпиада қатысушылардың білім деңгейінің жоғары екенін, ауызекі сөйлеу тілін еркін меңгергендіктерін, мәтінді дұрыс түсініп, мазмұндай білетіндіктерін көрсетті. Бесқарағай ауданы Глуховка ОМ оқушысы Ибрагимова Риналия мен Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ОМЕМЛИ оқушысы Замалеев Русланның жұмыстары ерекше атап өтілді.

Қазақстан тарихынан олимпиадаға қатысушылар өз мемлекетінің тарихының нақты проблемаларын терең білетіндіктерін, тарихи процестер мен құбылыстарды және т.б. талдай білу қабілеттерін көрсетті. Жүлделі орындарды Катонқарағай ауданы Рыков ОМ оқушысы (Құрманғалиева Айман), Аягөз ауданы Д.Бабатайұлы ат ОМ оқушысы (Тұрысжанова Әсел) иеленді.

Неміс тілінен Өскемен қаласының №12 МГ оқушылары Клейманов Роман мен Штейн Юлия озық шықты  Өткен жылдар тәжірибесі аталған білім мекемесінің ұстаздары неміс тілінен оқушыларды дайындауда мақсатты жұмыс жүргізетінін көрсетті. Осының арқасында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында жыл сайын жүлделі орындарды иеленуде. Сондай-ақ Өскемен қаласының №10 МГ оқушылары да жақсы нәтижелер көрсетті.

Ағылшын тілінен олимпиадаға қатысушылар грамматиканы жақсы білетіндіктерін көрсетті. Өскемен қаласының №38 МГ 10-сынып оқушысы Кабдрғалиева Данияның, Семей қаласындағы ҚТЛ 11-сынып оқушысы Мақсұт Әділеттің білімдерін қазылар алқасы ерекше атап өтті. Практикалық айналымда бұл оқушылар диалогта кеңейтілген ақпаратты өз пікірімен толықтырып, ауызша еркін сөйлеу қабілеттерімен ерекшеленді.

Географиядан ҚР ТП ФМБ ИМ оқушысы Нұртасов Асқар, Өскемен қаласының №34 ДБА ОММЛ оқушысы Ахаев Алексей ерекшеленді.

Информатикадан Өскемен ҚТЛ оқушысы Шибиханов Әділ, ДБА №34 ОММЛ оқушысы Соколов Евгений, Өскемен ҚТЛ оқушысы Касенов Ескендір жоғары ұпай жинады.

Физикадан Өскемен ҚММФИМ оқушысы Борцова Герданың, Семей ҚТЛ оқушысы Кабдуллин Ағабектің, Өскемен ҚТЛ оқушысы Болатхан Өмірзақтың жұмыстары жоғары бағаланды.

Француз тілінен тек Семей қаласынан бір жұмыс ұсынылды. Оның білім деңгейін қазылар алқасы қанағаттанарлық, алайда жүлделі орынға жеткіліксіз деп санады.

Биология пәнінен Өскемен қаласының ҚТЛ оқушылары (Амангельдинов Даулен, Сейтіхан Дулат), Семей қаласының ҚТЛ оқушысы  (Культуманов Темірлан) ерекшеленді.

Олимпиадада математикадан ДБА ОАМЛИ оқушысы Абайханқызы Айназ, Өскемен ҚММФИМ оқушылары Цораев Тимур, Жолбарысов Мағжан тапсырманы орындаудағы стандартқа сай емес шешімдерімен атап өтілді.

Пәннің ерекшелігін ескере отырып, биылғы жылы химиядан эксперименттік айналым Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың базасында өтті. Химиядан есептердің күрделілігіне қарамастан Семей қ. №6 МГ (Бельдеубаев Асхат), Өскемен ҚТЛ (Мирасов Алинұр), Семей ҚТЛ (Жұмекенов Абылай) жақсы білім көрсетті.

Орыс тілі мен әдебиетінен Өскемен қ. ДБА №34 ОММЛ оқушысы Агеева Ирина, Зырян ауданы №7 ОМ оқушысы Хайруллина Алина шығармаларында мәселені бірізді, логикамен ашып, өз өмірлік ұстанымдарын көрсете білді.

Қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі пәнінен қазылар алқасы берілген тапсырмалардың күрделілігін атап өтті. Осыған қарамастан, оқушылар сөздердің лексикалық байланысын сауатты қолданып, сөйлемді дұрыс құрастыра білді. Өскемен қ. №20 ОМ оқушысы Намысбаева Аминаның, Өскемен қ. №44 ОМ оқушысы Камбекова Алтынайдың жұмыстары ерекше атап өтілді.

Құқық негіздерінен жүлделі орындарды Өскемен қ. №38 МГ оқушысы Мұратова Арай, ДБА №34 ОММЛ оқушысы Тертышникова Светлана жүлделі орындарды иеленді.

Құрамында ҰҒА академиктері, ғылым докторлары мен академиктері, ШҚО-ның жетекші ЖОО оқытушылары бар қазылар алқасының шешімі бойынша 203 жүлдегер анықталды. Облыстық олимпиаданың қорытындысында облыстық кезең қазылар алқасының ұйғарымымен І дәрежелі дипломдармен – 32, ІІ дәрежелі - 65, ІІІ дәрежелі дипломдармен  – 106 оқушы марапатталды.

Жүлделі орындар бойынша алдыңғы қатарда: Өскемен ҚТЛ (34), Өскемен қаласының құрама командасы (32), Семей ҚТЛ (22), ШҚ ОАМЛИ (16), ДБА №34 ОММЛ (12), ҚММФИМ (11), ҚР ТП ФМБ ИМ (9).

2008-2009, 2009-2010 оқу жылдарында пәндер бойынша жүлделі орындарға талдау жасай келе:

-             қазақ тілі мен әдебиетінен жүлделі орындарды дәстүрлі  түрде Жамбыл атындағы ДБА ОММГИ, Абай ауданының Қарауыл гимназиясының, Зайсан аудан Сарытерек ОМ оқушылары;

-             орыс тілі мен әдебиетінен – «Восток» ҒЗДОО ОМ, ДБА №34 ОММЛ, ҚММФИМ, Өскемен қаласының мектептерінің оқушылары;

-             қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілінен –  ШҚ ОАМЛИ, Аягөз ауданының оқушылары;

-             орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәнінен   –Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ОМЕЛИ, Зырян ауданының мектеп-лицей, Зайсан ауданының Ломоносов ОМ оқушылары;

-             географиядан – Зырян ауданының мектеп-лицейінің, ДБА №34 ОММЛ, Ұлан ауданы Молодежный ОМ, ШҚ ОАМЛИ оқушылары;

-             құқық негіздерінен – Өскемен қ. №38 МГ, Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ОМЕЛИ, ДБА №34 ОММЛ оқушылары;

-             Қазақстан тарихынан – ШҚ ОАМЛИ, Өскемен қаласының №3 МГ оқушылары;

-              информатикадан – ДБА №34 ОММЛ, ҚММФИМ, Өскемен қ. №11 МГ оқушылары;

-             биологиядан  – Өскемен ҚТЛ, Семей ҚТЛ оқушылары;

-             химиядан – Семей қ. №6 МГ, Өскемен ҚТЛ, Семей ҚТЛ оқушылары;

-             математикадан – ДБА ШҚ ОАМЛИ, ҚММФИМ, Аягөз ауданының оқушылары;

-             физикадан – Өскемен ҚТЛ, Семей ҚТЛ, ДБА ШҚ ОАМЛИ, Шәкәрім ат. №5 МГ, ҚММФИМ оқушылары иеленетінін көруге болады.

Олимпиаданы ашық, әділ өткізуді қамтамасыз ету үшін бақылаушылар ретінде БАҚ, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Өскемен қ. мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатыстырылды.

Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңіне жүлделі 1,2 орындарды иеленген облыс оқушыларының 95 жұмысы жіберілді. Олардың 35-і Қызылорда қаласына республикалық кезеңге қатысуға шақыру алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік шығарма» номинациясында Семей қаласының №6 МГ оқушысы Алгазинова Зарина марапатталды. «Ауыл мектебінің үздік оқушысы» номинациясында – Аягөз ауданы Бабатайұлы ат. ОМ оқушысы Тұрысжанова Әсел марапатталды. Алматы қ. ҚБТУ оқуға Өскемен ҚММФИМ оқушысы Канапин Нұрлан білім грантын иеленді.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық үшінші орынды және «Үздік олимпиада командасы – 2010» атағын иеленді.