+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша V Президенттік олимпиаданы өткізу туралы
17 Қаз, 07:36

Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша V Президенттік олимпиаданы өткізу туралы

 

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден V Президенттік олимпиаданың өткізілуі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің өзгерістер енгізгендігі жөнінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы хабарлайды. V Президенттік олимпиада республика мектептеріндегі 11-сынып оқушыларының арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен 3 кезең бойынша өткізіледі:

1) бірінші кезең-өңірлік– 27-28 қазанда;

2) екінші кезең – іріктеу кезеңі 2 турда өткізіледі:

1 айналым – қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;

2 айналым – шығармашылық, қашықтық тур өткізілген күні эссе жазу;

3) үшінші кезең – республикалық, 2 турда, 2 бағытта өткізіледі:

1 айналым – теориялық, (матемаика+физика);

2 айналым – теориялық, (биология+химия);

3 айналым – тестілеу, ағылшын тілінде.

 

Олимпиаданың өткізілу тәртібіне өзгеріс енгізілген! Өңірлік айналымның әрбір қатысушысына 4- пәннен кешенді тапсырма беріледі (математика, физика, биология, химия).

Президенттік олимпиадаға қатысу үшін аудандық, қалалық білім бөлімдерінен, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден құрамында 4 адамнан тұратын команданы оқу тіліне қарамастан жіберулері керек.

Өтінімдерді ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 2012 жылдың 19 қазанына дейін Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74, үйге, тел/факас  8/7232/ 700-244, 700-609, формада үлгісі

 

Мектеп, аудан/қала

Қатысушының А.Ж.Т.

(төлқұжатқа сәйкес)

 

Оқу тілі

 

Қатысушының жетістіктері

Байланыс телефондары

Қатысушыны

дайындаушы мұғалімнің А.Ж.Т.

 

 

ІІ республикалық кезеңге - өңірлік олимпаданың жеңімпаздары қатыса алады. Президенттік олимпиаданың қашықтық айналымы математика, физика, химия және биология пәндерінен бір уақытта республиканың барлық өңірлерінде 15 қарашада сағат 10.00 – де өтеді (Президенттік олимпиаданың қашықтық айналымына қатысу үшін компьютерлік байқау тестілеуі 14 қарашада сағат 11.00-де өткізіледі).

Үшінші қорытынды кезең  2012 жылдың 6-8 желтоқсаны аралығында Астана қаласында өтеді.