2022 жылдың 9-16 мамыры аралығында Қазақстан Республикасының зияткерлік құрама қомандасының мүшесі ретінде Өскемен қаласының облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысты.
Біздің республикадан команда құрамына Қазақстан Республикасының ұлттық олимпиадалық құрамасының мүшелері републикалық, беделді халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздарынан құралған 12 үздік дарынды оқушы қатысты. Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің оқушыларымен бақ сынасты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Мамырбеков Бекболат лайықты білім көрсетіп қола медаль иегері атанды.
Олимпиада аясында дарынды балаларға арналған мәдени бағдарлама, Өзбекстанның Самарқанд, Ташкент қалаларына экскурсия ұйымдастырылды.
Бекболатты, ата-анасын және мұғалімдерін жеңіспен құттықтаймыз!Келешек жетістіктер мен жеңістер тілейміз!