+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауына қатысу ҚОРЫТЫНДЫСЫ
17 Мамыр, 12:51

2022 жылдың 04-06 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы «Менің Отаныма  – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауына қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің 10 жеңімпазы қатысты.

Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

Конкурс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қоржыны 4 медалмен толықты:

- «Жаңғырту полюсі» номинациясы бойынша I орын – Нурчитов Әлішер (Катонқарағай ауданы, «Шығармашылық үйі» КМҚК);

- «Жақсылық керуені» номинациясы бойынша ІІ орын – Еркінқызы Толғанай (Аягөз ауданы, «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ);

- «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы бойынша ІІІ орын – Саветқанқызы Гүлім (Катонқарағай ауданы, «Шығармашылық үйі» КМҚК);

- «Қазақсанның 100 жаңа есімі» номинациясы бойынша ІІІ орын – Ерсін Мәнсия (Жарма ауданы, «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ).

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, барлығына сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!