2022 жылғы 13 мамырда өткен ІІ Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларына Аягөз қаласы,№10 қазақ мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Құмарбекова Нұнайлым қатысты.
Байқаудың мақсаты - философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Конкурс қорытындысы бойынша Құмарбекова Нұнайлым ІІІ орын иеленіп, дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Нұнайлымды құттықтаймыз, сәттілікпен жаңа жеңістер тілейміз!