+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Балалар жылына арналған «Туған жердің кереметі» туристік көпсайыс табиғи бедері бойынша Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионатының қорытындысы
17 Мамыр, 12:40

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 10-15 мамыр аралығында Шемонаиха қ., «Марьин утес» жері, оқу-жаттығу полигонында Балалар жылына арналған «Туған жердің кереметі» туристік көпсайыс табиғи бедері бойынша Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтті.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын және «Өз жеріңді таны» жобасын іске асыру шеңберінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін балалар мен жасөспірімдер спорттық туризмін дамыту және ілгерілету мақсатында өткізілді.

Ашық чемпионатқа 114 оқушы - Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының мектептен тыс ұйымдарының, қосымша білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептері мен колледждердің 26 командасы қатысты.

Тау, жаяу және су туризмі техникасы бойынша құрама жарыстар, күрделіліктің 1-3 санаты: «Жеке-командалық» қашықтық, «Байламдар» қашықтығы, Су қашықтығы, Кросс жорығы, «Туристік эстафета», фотосуреттер конкурсы.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіске жеткендер:

Ересектер - 2000-2006 ж. т.:

«А» сыныбы:

І орын – «Орион» командасы, «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК, Семей қаласы;

ІІ орын – «ЗЮВС» командасы, «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені» ҚМКК, Екібастұз қ., Павлодар облысы;

ІІІ орын – «Торгуз» командасы, «Орион» атты скауттық жастар қозғалысы және экстремалдық спорт түрлерінің даму орталығы» ЖҚБ, Семей қаласы.

«В» сыныбы:

І орын – «Геолог» командасы, «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК, Семей қаласы;

ІІ орын – «Глобус» командасы, «№28 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Семей қаласы;

ІІІ орын – «Таганай» командасы, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК, Семей қаласы.

Жасөспірімдер – 2004-2007 ж. т.:

«А» сыныбы:

І орын – «Эдельвейс» командасы,«№18 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Семей қаласы; 

ІІ орын – «ЗЮВС» командасы, «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені» ҚМКК, Екібастұз қ., Павлодар облысы;

ІІІ орын – «Ак-Барс» командасы, «№16 орта мектебі» КММ, Риддер қаласы.

 «В» сыныбы:

І орын – «Экстрималы» командасы, «№5 орта мектебі» КММ, Риддер қаласы;

ІІ орын – «Аргут» командасы, «№3 орта мектебі»КММ, Курчатов қаласы;

ІІІ орын – «Арыстан» командасы, «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК, Семей қаласы.

Ұлдар – 2008-2010 ж. т.:

І орын – «Белуха» командасы, «Малая Владимировка орта мектебі» КММ, Бесқарағай ауданы;

ІІ орын – «ЗЮВС» командасы, «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені» ҚМКК, Екібастұз қ., Павлодар облысы;

ІІІ орын – «Меридиан» командасы, «№5 орта мектебі» КММ, Риддер қаласы.

Ашық чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен, кубоктармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Чемпионаттың барлық қатысушыларына сәттілік пен жеңістер тілейміз!