Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында 2022 жылғы 10-14 мамыр аралығында Өскемен қ. Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі базасында шағын футболдан ұлдар арасында Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа 21 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы;
2 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
3 орын – Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі, Ұлан ауданы.
Номинациялар бойынша:
«Үздік ойыншы» - Идришев Темирлан, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, 4 курс студенті, Өскемен қаласы;
«Үздік қақпашы» - Токумов Тимур, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, 4 курс студенті, Өскемен қаласы;
«Үздік қорғаушы» - Елдосов Ерзат, Өскемен жоғары политехникалық колледжі, 2 курс студенті.
I, II және III орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар - тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!