+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
ШҚО техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы тоғызқұмалақтан ұлттық спорт лигасының қорытындысы
17 Мамыр, 12:32

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында 2022 жылғы 11-13 мамыр аралығында Өскемен қ. Өскемен көпсалалы технология колледжі базасында тоғызқұмалақтан Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа 6 команда - 21 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатысты.

Команда құрамы: 2 ұл, 1 қыз.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

1 орын – Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі;

2 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы;

3 орын – Өскемен жоғары медициналық колледжі.

I, II және III орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар - тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!