+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы волейболдан ұлттық спорт лигасының қорытындысы
17 Мамыр, 12:28

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, студенттер арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 9-14 мамыр аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында волейболдан Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа 21 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімі студенттерінің (ұлдар мен қыздар) 14 құрама командасы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Номинация бойынша үздік ойыншылар:

- Үздік қорғаушы – Орынбасаров Рахим, 2 курс студенті, Өскемен жоғары политехникалық колледжі; Серьянова Самира, 1 курс студенті, Қазақстан-Американдық еркін универсстеті жоғары колледжі, Өскемен қаласы;

- Үздік шабуылшы – Аблайханов Ислам, 2 курс студенті, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы; Кадихан Жанели, 2 курс студенті, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі,  Өскемен қаласы;

- Үздік ойыншы – Жәнібеков Бекжан, 4 курс студенті мен Танатқан Айбота, 3 курс студенті, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Семей қаласы;

- Үздік үйлестірушіБейбітбек Абдолла, 4 курс студенті, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласы; Смагзанова Диана, 1 курс студенті, Қазақстан-Американдық еркін университеті жоғары колледжі, Өскемен қаласы.

Жалпыкомандалық жүлделі орындарға ие болғандар:

Ұлдар:

1 орын – Өскемен қаласы, команда Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің құрама командасы;

3 орын – Семей қаласы, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің құрама командасы.

Қыздар:

1 орын – Өскемен қаласы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласы, Қазақстан-Американдық еркін университеті жоғары колледжінің құрама командасы;

3 орын – Семей қаласы, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің құрама командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!