+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
XXIII республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінің баспасөз хабарламасы
13 Мамыр, 21:15

Балалар жылы аясында  2022 жылдың 18-19 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Абай ауданы, Қарауыл ауылында, ХХIII  республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңін өткізеді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Абай оқулары үш кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық.

Облыстық кезеңге аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 8-10 сынып оқушылары қатыса алады. Әр командада 6 оқушыдан (әр номинация бойынша - 1 оқушы) болады.

Облыстық Абай оқулары қазақ тілінде алты номинация бойынша өткізіледі:

- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы - Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.

- «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. 

- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы - оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі.

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  номинациясы – оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) оқуы.

- «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.

Абай оқуларының қатысушыларына арналған Жидебайдағы Абай музейіне экскурсия ұйымдастырылады.

Абай оқулары 2022 жылдың 19 мамыры күні сағат 09.00-де Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында өткізіледі.

Балалар жылы аясындағы өткізілетіндігін шараларды жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін а.ж. 19 мамыр күні  сағат 15.00 - де Жидебайда Абай-Шәкәрім кесенесіне жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау және жабылу салтанатына шақырамыз.