Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 18-19 мамырында XXIII республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі өтетіндігін хабарлайды.
Абай оқуларына облыстың жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары квотаға сәйкес қатысады.
Абай оқуларының мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын арттыру. Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлтттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Абай оқуларына қатысу үшін білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған сәйкес өтінімді 2022 жылдың 16 мамырына дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының texno_otdel@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.