+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық оқу семинарын өткізу туралы ақпарат 19.10.2012
17 Қаз, 07:35

Облыстық оқу семинарын өткізу туралы ақпарат

2012 жылы 19 қазанда Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Облыс қалаларындағы және аудандарындағы дарынды оқушыларды айқындау, дамыту және қолдау үшін жағдай жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» атты облыстық оқу семинарын өткізетіндігін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз

Семинарға қалаларда (аудандарда) дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бекітілген білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстық мамандандырылған мектептердің жауапты тұлғалары қатысады. Әр қаладан (ауданнан) 1 адамнан шақырылады.

Семинар мына мекен-жайда өткізіледі: Өскемен қ., Кабанбай батыркөшесі,74, №19 орта мектеп.

Семинар сағ. 10.00 –де, 69 кабинетте (3 қабат) басталады.

Облыстық семинарға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.

Семинарға қатысу үшін тапсырысты 2012 жылдың 12 қазанына дейін 8(7232)700609 телефон-факсіне немесе VK_daryn@mail.ru электрондық адреске жіберулеріңізді сұраймыз.

Тапсырыстың үлгісі:

Аты, тегі, әкесінің тегі

Қала(аудан)

Жұмыс орны

Лауазымы