+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Балалар жылына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетінің қорытындысы
13 Мамыр, 20:20

2022 жылғы 27-28 сәуір аралығында Балалар жылына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті қашықтық форматта өтті.

Негізгі мақсаты - балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтарының туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.

Слетке ШҚО жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің 76 жеңімпазы қатысты.

Слет қатысушылары келесі номинациялар бойынша сайысқа түсті:

I. Өлкетану блогы.

- «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрып және өнер; туризм-спорт, денсаулық, демалыс, өшпейтін жұлдыздар, туған өлке соқпақтары бағыттары іздеу-зерттеу жұмысының жобаларын таныстыру.

II. Туристік блок.

- «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы – үш кезеңнен тұратын туристік кедергілер жолағынан өту бейнероликтер байқауы: аспалы өткел; параллель таяныштар, маятник.

- «Туристік түйіндер» номинациясы – туристік түйіндерді байлау.

III. Шығармашылық блок.

- «Бард әндері» байқауы.

Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс нәтижелері бойынша 38 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Үздік жобалар 2022 жылдың қыркүйек айында өтетін Слеттің республикалық кезеңінде ұсынылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!