+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасына ШҚО оқушыларының қатысу қорытындысы
13 Мамыр, 19:26

2022 жылдың 11-13 мамыры аралығында Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және  резервін құру.

Олимпиада 7-8 сыныптар үшін  математика, физика, химия, биология және информатика пәндері  бойынша өткізілді.

Олимпиадаға республикамыздың 236 дарынды оқушысы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын 11 оқушы қорғады.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 7 сынып оқушысы Нұрболат Азамат;

 III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:

- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр;

- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Болатхан Ислам;

- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Касиман Алемхан;

- Өскемен  қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Тұрсынхан Шынғыс марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы:

 - Өскемен  қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Советханов Мақсатқа;

 - Семей қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Увалиев Әділжанға табысталды.

 

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!