Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында 2022 жылғы 4-6 мамыр аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында үстел теннисінен Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа 21 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатысты.
Команда құрамы: 2 ұл, 1 қыз (+1 қыз – қосалқы ойыншы).
Ойындар «Үстел теннисі федерациясы» РҚБ бекіткен үстел теннисі ережелеріне сәйкес 5 жеке кездесудің (матчта үш жеңіске дейін) көпшілік жүйесі бойынша командалық ретінде ғана өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Семей қаласы;
2 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
3 орын – Өскемен жоғары медициналық колледжі.
I, II және III орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар - тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!