Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 4-6 мамыр аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы өтті.
Жарысқа 5-6 және 7-8 сынып - аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз оқушылары қатысты.
Команда құрамы: 2 ұл, 1 қыз (+ 1 қыз - қосалқы ойыншы).
Командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
5-6 сыныптар арасында:
1 орын -Тарбағатай ауданының командасы;
2 орын – Жарма ауданының командасы;
3 орын – Бесқарағай ауданының командасы.
7-8 сыныптар арасында:
1 орын – Бесқарағай ауданының командасы;
2 орын – Жарма ауданының командасы;
3 орын – Тарбағатай ауданының командасы.
І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!