2022 жылғы 3-6 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары AMANAT жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының финалдық кезеңіне қатысты.
Ойынның мақсаты-әскери қызметтің жастары арасында патриотизмді тәрбиелеу және танымал ету.
Біздің облыс атынан Ы. Алтынсарин атындағы № 37 гимназияның және Семей қаласының № 9 жалпы білім беретін орта мектебінен оқушылары қатысты. Команда құрамы: 3 ұл және 2 қыз, 16-18 жас аралығындағы. Ойынға барлық облыстардан 17 команда қатысты.
Еліміздің барлық өңірлерінен келген 10-11 сынып оқушылары кедергілер жолағынан өтіп, жүзуден жарысты және «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында әскере-тарихи викторинаға қатысты.
Әскери-патриоттық ойын қорытындысы бойынша біздің облысымыздың командасы жалпыкомандалық III орынға ие болды, сонымен қатар дипломмен және 500 000 теңгегесертификатпен марапатталып әр қатысушыға жеке естілік медаль табыс етілді.
Біздің жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Сәттілік пен табыс тілейміз!