+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің дарынды оқушылармен кездесу қорытындысы
04 Мамыр, 20:06

Оқуда, шығармашылықта және спортта жоғары жетістіктер көрсеткен дарынды оқушылар мен студенттерді құрметтеу мақсатында 2022 жылғы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовпен дарынды оқушылардың кездесуі өтті.

Іс-шара өңірдегі балалар жылының салтанатты түрде басталуы болып табылады. Кездесу оқушылар бойында патриоттық сезімді, білімге ұмтылуды және өңірдің талантты жастарын қолдауды тәрбиелеу мен қалыптастыруға бағытталған.

Кездесуге халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың, спорт жарыстарының жеңімпаздары - дарынды оқушылар шақырылды.

Кездесу дөңгелек үстелде еркін қарым-қатынас форматында өтті. Өз сөзінде Даниал Кенжетайұлы дарынды жастар кез келген мемлекеттің  мақтанышы және болашақ олардың білімі мен жаңа идеяларына байланысты екенін, ал балалардың жетістіктері облыстың имиджі мен беделін қалыптастырады деп атап өтті. 

Оқушылар өз кезегінде жетістіктері мен табыстары туралы айтты. Алған әсерлерімен бөліскен балалар жасалып жатқан жағдайлар үшін алғыстарын білдірді және өздеріне артылған үміттерді ақтау үшін аянбай білім алып, еңбектенуге уәде етті.

Кездесу аясында республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстардың жүлдегерлерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Кездесу соңында дарынды балаларға  облыс әкімінің атынан грамоталар мен 100 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етілді.