+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини-футболдан облыстық турнирдің қорытындысы
03 Мамыр, 21:03

2022 жылдың 27-29 сәуірінде Өскемен қ. Бұқаралық спортты дамыту орталығының базасында «Еуропалық футбол апталығы» аясында «Special Olympics» қозғалысының юнифайт мини-футболдан облыстық турнир өтті.

Турнирдің негізгі мақсаты - арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау, спортпен айналысуға зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру.

Жарысқа медициналық-әлеуметтік мекемелер (МӘМ) мен арнайы мектептердің командалары – 2003-2009 жылы туған 25 оқушы қатысты.

Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырында көрінді:

І орын – Риддер қаласы, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің құрама командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің құрама командасы;

ІІІ орын – Алтай қаласы «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің құрама командасы.

І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!