1-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
Оқушылардың интеллектуалдық шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 1-7 сынып оқушыларына арналған эерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық сырттай кезеңін өткізеді.
Конкурс үш кезең бойынша өткізіледі:
- бірінші кезең-мектепаралық, аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарында, - 05.11.12 мен 10.11.12 аралықта;
- екінші кезең – облыстық (іріктеу) ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін;
- үшінші (қорытынды) кезең – республикалық, (қаңтар айының бірінші он күндігінде)
Конкурсқа оқушылардың зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:
1) Қазақ тілі мен әдебиеті;
2) орыс тілі мен әдебиеті;
3) математика, информатика;
4) физика, техника;
5) медицина, психология;
6) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
7) биология, химия, валеология;
8) география, экология.
Облыстық кезеңге әрбір секция бойынша барлық аудан (қалалардан) 2-(1қазақ, 1-орыс тілінде); облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бір үздік жұмыстардан ұсынылады.
Конкурс қорытындысы соңғы кезде анықталады. Жеңімпаздар әр секция бойынша және екі жас ерекшеліктеріне байланысты анықталады:
1) 1-4 –сынып оқушылары;
2) 5-7 сынып оқушылары.
Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және қайтарылмайды.
Оқушылардың жұмыстары талаптарға сәйкес келмесе немесе көрсетілген күннен кешіксе қабылданбайды.
Өтінімдер, бөлім бастықтарының немесе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің басшыларының қолымен куәландырылған және аудандық (қалалар және аудандар үшін), мектепаралық (облыстық мамандандырылған мектептер үшін), өткізген кезеңдерінің хаттамаларын оқушылардың жұмыстарын ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 2012 жылдың 15 қараша дейін жіберулеріңіз қажет (Қосымша).
Қосымша
1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысу үшін өтінім
|
1 |
Фамилия |
|
|
2 |
Аты |
|
|
3 |
Туған күні, айы, жылы |
|
|
4 |
Облысы, қала, село |
|
|
5 |
Мектебі (білім беру ұйымының толық ресми аты) және сыныбы |
|
|
6 |
Мектептің оқу тілі |
|
|
7 |
Байланысы телефондары |
|
|
8 |
Е-mail |
|
|
9 |
Жұмысты жіберген секциясы |
|
|
10 |
Жұмыстың тақырыбы |
|
|
11 |
Жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі және атағы, қызметі, жұмыс орны (толық жазылуы керек) |
|
|
12 |
Бұрында «Зерде»конкурсына қатыстыңызба? |
Жоқ Иа (көрсету қажет) |