2022 жылдың 20-22 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық қашықтық фестиваліне қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК.
Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің 10 жеңімпазы қатысты.
Байқаудың мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
Конкурс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қоржынында 2 медаль:
- «Ғылыми кино» номинациясы бойынша I орын - Иванова Анастасия (Өскемен қаласы,«Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» КМҚК, 10 сынып);
- «Музыкалық клип» номинациясы бойынша ІІ орын - Амангельдина Жібек (Абай ауданы, «Ш.Әбенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 11 сынып)
Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, барлығына сәттілік
пен жаңа жеңістер тілейміз!