+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстандық оқушылардың ІХ аймақтық жас математиктер турниріне қатысу қорытындысы
29 Сәу, 19:12

2022 жылдың 25-28 сәуірі аралығында Павлодар қаласында өткен жас математиктердің IX аймақтық турниріне Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары командасы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің «Интеграл» командасы келесі құрамда қорғады:

1. Александр Устинов;

2. Попова Мария;

3. Сайлаухан Айдос;

4. Сергеев Михаил;

5. Альник Мельникова;

6. Мұратова Диана.

Жас зияткерлер математика пәнінен теориялық және практикалық білімдерін сарапқа салды.

Турнир нәтижесінде Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 7-8 сынып оқушыларынан құралған команда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Турнир жеңімпаздарын олардың ата-аналарын және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Болашақта сәттілік пен жеңістер тілейміз!