+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының қорытынды кезеңі
29 Сәу, 10:42

«Ел Үміті» бастамасын іске асыру аясында облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңі өткізілді.

Олимпиада ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Олимпиада 2022 жылдың 28 сәуірінде өтті. Біздің облысымыздың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары – 10 мыңнан астам оқушы онлайн-платформасында тіркеуден өтті.

І кезеңнің қорытындысы бойынша 340 қатысушы Олимпиаданың ІІ кезеңіне сәтті өтті.

Қорытынды кезең Өскемен, Семей, Аягөз қалаларындағы және Үлкен Нарын ауылындағы U-Study тестілеу орталықтарының базасында өткізілді.

Олимпиада математикалық сауаттылық, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндерінен академиялық қабілеттерді анықтауға бағытталған компьютерлік тестілеу форматында өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкесең үздік нәтиже көрсеткен 6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар оқуын облыстық және республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде жалғастыруға мүмкіндік алады.