Өтетін күні: 4 мамыр 2022 жыл.
Өту уақыты: сағат 12.00.
Өтетін орны: Өскемен қ., Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, Максим Горький көшесі, 40, 501 кабинет.
Іс-шараның мақсаты – облыс әкімінің оқуда, шығармашылықта және спортта жоғары жетістіктер көрсеткен талантты оқушылар мен студенттерге құрмет көрсетуі. Кездесу оқушылар мен студенттердің бойына патриоттық сезімді тәрбиелеу мен қалыптастыруға, білімге ұмтылуды және өңірдің талантты жастарын қолдауға бағытталған.
2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы біздің өңірді беделді халықаралық және республикалық олимпиадаларда лайықты көрсете білді. Оқушыларымыз 208 медальді жеңіп алды, оның ішінде 60 алтын, 66 күміс және 82 қола.
Соңғы үш жыл ішінде өңіріміздегі колледж студенттерінің командасы WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының абсолютті жеңімпаздары атанып, республиканы халықаралық аренада лайықты танытып келеді.2021 жылы WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында колледж студенттері 27 медаль жеңіп алды, оның ішінде 13 алтын, 5 күміс және 9 қола.
Кездесуге қатысушылар – бұл республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың, шығармашылық конкурстардың және WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары.
Кездесудің барлық қатысушыларына облыс әкімінің атынан грамоталар мен дипломдар табысталады, WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жеңімпаздарына ноутбуктар, дарынды оқушыларға 100 000 теңге сомаға ақшалай сертификат беріледі.