+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысу қорытындысы
25 Сәу, 12:05

Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 2022 жылдың 18-22 сәуірі аралығында өткен республикалық олимпиадада алтын, күміс және қола медальдарға ие болып жеңіс тұғырынан көрінді.

Республикалық олимпиаданың IV қорытынды кезеңіне жалпы білім беретін 15 пән бойынша облысымыздың 9-11 сынып оқушылары - олимпиадалық резерв мүшелері мен облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада Өскемен және Семей қалаларында «Ustudy» орталықтарының негізінде өткізілді. 

Оқушылардың олимпиадаға қатысу қорытындысы бойынша біздің облысымыздың қоржыны 30 медальмен толықты: 8 - алтын, 5 - күміс, 17 - қола медаль.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!

 

https://daryn.kz/respa2022/