+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
22 Сәу, 23:47

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиадаға аудандық/қалалық айналымынан өткен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада екі айналым бойынша өтті: эссе жазу және қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша жазбаша айналым.

Олимпиаданың екі айналымының қорытындысы бойынша 35 қатысушы жеңімпаз атанды, атап айтқанда 8 оқушы І дәрежелі, 12 оқушы ІІ дәрежелі, 15 оқушы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Жеңімпаздар олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын құттықтаймыз!

Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!