+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының футболдан «Былғары доп» жарыстарын өткізу туралы
22 Сәу, 16:16

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 16-19 мамыры аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының футболдан «Былғары доп» жарысы өткізіледі.

Басты мақсаты – оқушыларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту.

Командалық жарыстар 7-8 сыныптар ұлдар мен қыздар арасында өткізіледі.

Командалардың сандық құрамы: бір мектепте оқитын 15 қатысушы, 2 жаттықтырушы-өкіл.

Жарысқа мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Ережеге сәйкес талаптарды бұзбаған жағдайда, өздері оқитын мектептің атынан қатыса алады.

  Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, бейіндік сыныптардың, спорт мектеп-интернаттарының және академиялардың командалары Мектеп лигасына қатысуға жіберілмейді.
 
Жарыстар үш кезеңде өтеді:
1 кезең – мектепішілік іріктеу (наурыз-сәуір);
2 кезең – аудандық/қалалық (наурыз-сәуір);
3 кезең – облыстық (16-19 мамыр, Өскемен қ.).
 
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында пандемия кезінде COVID-19 барлық қатысушылар дезинфекциялық режимді және бас аймақтық дәрігердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы керек.
 
Футболдан облыстық жарыстарға командалардың қатысуын растау (№ 1 Қосымшада), өткізу туралы есеп 1-ші (мектепішілік) және 2-ші (аудандық/қалалық) кезеңдері (№ 2 Қосымшада) 2022 жылдың 3 мамырына дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы e-mail: vk_ocfk@mail.ru мекенжайы бойынша қабылданады. 

Байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары қол қойған дәрігер куәландырған өтінімдер мандаттық комиссиясына өтетін жерге келген соң беріледі (№ 1 қосымшада).

Өтініммен бір мезгілде мандаттық комиссияға мыналар ұсынылады:

1) қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушылар үшін – туу туралы куәлік);

2) оқу орнынан анықтама;

3) фотосуреті бар спортшының жеке картасы (№ 3 қосымшада).