1. Мақсаттары мен міндеттері:
- Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандық батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру;
- студент және оқушы жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтін беделін арттыру және өскелең ұрпақ арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау;
- әскери іс негіздері бойынша білімдер мен дағдыларды бекіту;
- жастарды физикалық дайындыққа тарту, мақсат – сол дайындықты әскери қызметті өтеу кезінде қолдану;
- моральдық-психологиялық қасиеттерді, тәртіптілікті, өзара көмек және жолдастық қолдау көрсету сезімдерін тәрбиелеу.
2. Өтетін уақыты және орны
Турнир 2022 жылғы 20-21 мамыр аралығында Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 95 мекенжайындағы 5518 әскери бөлімінің аумағында өтеді. «Жүзу» кезені 2022 жылғы 21 мамырда сағат 9:00-ден - 13:00-ге дейін ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында (Шакарим көшесі,1/2) өткізіледі.
3. Турнирге қатысушылар
Жарысқа облыстық оқу орындары мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, колледждердің алғашқы әскери және технологиялық дайындық курсынан өтіп жатқан 1-2 курс студенттері қатысады. Команда құрамы - 7 қатысушы (ұлдар).
Қатысушылардың киім формасы– камуфляжданған, бас киімде, белбеу, залға арналған спорттық аяқ киім. Әр қатысушының өзімен бірге жарақталған противогазы болуы тиіс. Жүзубассейнінде әр қатысушыдаөзімен бірге плавка, сланцы, шапкажәне жеке гигиена заттары болуы керек.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирге қатысатын команда мүшесінің дені сау болуы, медициналық қарсы көрсетілімдері болмауы, қауіпсіздік техникасын білуі және сақтауы тиіс;
- өткізілетін сайыстар туралы ережені білуі және оларды қатаң сақтауы тиіс;
- турнирге көрсетілген уақытта және белгіленген киім формасында келуі тиіс;
- өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс;
- қатысушыларға арналған орында болуы және турнирге арналған тәртіпті сақтауы тиіс;
- төрешілердің нұсқауларын бұлжытпай орындауы тиіс;
- қарумен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтауы тиіс;
- төрешілерге тек жаттығуларды орындауға қатысты шұғыл мәселелер бойынша тікелей жүгінуі тиіс. Барлық басқа жағдайларда төрешілер алқасына команда жетекшісі арқылы ауызша немесе жазбаша өтініммен жүгінуі керек.
Команда жетекшісі:
- қару мен оқ-дәрілердің сақталуына, команданың тәртібіне, команда мүшелерінің турнир реттілігін, белгіленген киім формасын сақтауына, қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілуіне жауап береді;
- белгіленген мерзімде төрешілер алқасына турнир регламентімен қарастырылған құжаттарды ұсынады.
Команда жетекшісіне:
- төрешілер жұмысына араласуға, сондай-ақ жекелеген қатысушыларды ауыстыру немесе оларды сайыстан алу туралы өз еркімен шешім қабылдауға тыйым салынады;
- турирді өткізу барысында қатысушыға облыстық турнирді өткізу Регламентінде қарастырылмаған көмекті көрсетуге тыйым салынады.
4. Турнирді басқару
Турнирді дайындауды және өткізуді жалпы басқаруды Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы», ШҚО қорғаныс істері жөніндегі Департамент, 5518 әскери бөлімінің қолбасшылығы, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы іске асырады. Ұйымдастыру комитеті төрешілер алқасының құрамын іріктейді және бекітеді, ол сайыс алдында хабарланады.
5. Турнир кезеңдері
- жүзу (барлық бөлімшелер эстафета түрінде қатысады);
- саптық байқау (барлық бөлімшелер қатысады);
- ММГ АК-74 шашу және жинау (2 қатысушы);
- противогазды кию бойынша нормативті орындау (барлық бөлімшелер қатысады);
- ЖҚК кию бойынша нормативті орындау (2 қатысушы);
- турникте тартылу (2 ұл қатысады);
- орыннан ұзындыққа секіру (барлық бөлімшелер қатысады);
- АК магазинін патрондармен оқтау(1қатысушы).
Материалдық қамтамасыз ету:
- секундомер 4 дана;
- оқупатрондары барАК магазині-2дана;
- ММГ АК-74 – 2 дана;
- әр қатысушыны противогазбен команда жетекшілері қамтамасыз етеді;
- ЖҚК - 2 дана;
- рулетка.
6. Өтінім құжаттамасы
1. Командалардың қатысуы туралы алдын ала растауды 2022 жылғы 16 мамырдан кешіктірмей е-mail: or-vpv@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.
2. Турнирге қатысуға өтінім құжаттары ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын»ұсынылады, мекенжайы: Өскемен қ., Абай даңғылы, 21, е-mail: or-vpv@mail.ru жіберіледі.
3. Мандаттық комиссия және қатысушыларды тіркеу турнирдің ашылу күнінде 5518 әскери бөлім клубында сағат 9-00-ден 9-30-ға дейін жүргізіледі.
4. Өтінімге қосымша ұсынылады: әр қатысушыға фотосуреті бар анықтама рәсімделеді, ол елтаңбалы мөрмен және оқу орны басшысының қолымен куәландырылады, емдеуші дәрігердің қолымен және мөрімен куәландырылған физикалық күш түсіруге рұқсат беретін денсаулық жағдайы туралы анықтама, жүзу бассейніне түсуге рұқсат беретін медициналық анықтама ұсынылады, медициналық сақтандыру міндетті.
7. Жеңімпаздарды анықтау
Сайыстар қорытындысын төрешілер алқасы кезеңдерде төрешілер ұсынған турнир нәтижелері негізінде шығарады. Жеңімпаз және жүлдегер командалар турнирдің әрбір кезеңінде жинаған ұпай сомасы бойынша анықталады. (Жалпыкомандалық орын командалардың әрбір кезеңде алған орнының ең кем сомасы бойынша анықталады). Алынған ұпай саны бірдей болған кезде – жеңімпаз саптық байқау нәтижесі бойынша анықталады. Аталмыш көрсеткіш бойынша тең болған кезде – автоматты шашу және жинау нәтижелері бойынша.
Төрешілер алқасы және бағалау жүйесі:
- нәтижелерді бағалау үшін төрешілер алқасы құрылады, оған турнир кезеңдерінің төрешілері енеді;
- төрешілер алқасының құрамы қатысушыларға турнир басталар алдында хабарланады;
- турнирдің өтуі барысында тәріп бұғаны үшін команда турнирден шеттетіледі, бұл туралы шешім төрешілер алқасының хаттамасымен рәсімделеді;
- сайыстың әр түрі бойынша жиынтық хаттамада ең үздік үш нәтиже көрсетіледі,қатысушының тегі мен аты жазылады.
8. Марапаттау
Командалар мен қатысушыларды марапаттау жалпы командалық сапқа тұруда жүргізіледі. Жүлделі орын алған командалар кубоктармен және дипломдармен марапатталады. 1 орын алған командаға ММГ АК-74м сыйлығы беріледі.
9. Қаржыландыру
1. Төрешілер алқасына ақы төлеуді, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауды ШҚО білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» іске асырады.
2. Ойындар өтетін жерге келу және кері қайту, жолдағы тәуліктік ақы, ойын кезінде орналасу және тамақтану шығындары іссапарға жіберуші тарап есебінен жүргізіледі.
10. Қосымша ақпарат
Ереже сайыстарға ресми шақырту болып табылады. Барлық сұрақтар бойынша мына телефон/факсқа хабарласыңыз: (87232) 70-15-16.