Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылымы-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 20-21 мамыр аралығында 9 мамыр Жеңіс күнінің мерекесіне орай орайластырылған Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирі өткізіледі (бұдан әрі – Турнир).
Турнирдің мақсаты - студенттер мен жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің беделін арттыру және жас буын арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, әскери іс негіздері бойынша білім мен дағдыларды бекіту.
Турнир Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 95 мекенжайындағы 5518 әскери бөлімінің аумағында өтеді. «Жүзу» кезеңі 2022 жылғы 21 мамырда сағат 9:00-ден - 13:00-ге дейін ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында (Шәкәрім даңғылы,1/2) өткізіледі.
Турнирға қатысуға өтінімдерді 2022 жылдың 16 мамырына дейін or-vpv@mail.ru электрон поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Қосымша ақпарат алу үшін телефонға хабарласуға болады 8(7232)701516.