+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының үстел теннисінен жарыс өткізу туралы
21 Сәу, 12:16

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 4-6 мамыр аралығында Отан қорғаушы күніне арналған Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының үстел теннисінен жарыс өткізіледі.

Басты мақсаты – оқушыларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту.

Жарыстар тек 5 жеке кездесудің көпшілігінде командалық жүйе ретінде өткізіледі (матчта үш жеңіске дейін).

Барлық ойындар «Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясы» ҚБ бекіткен үстел теннисі ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Командалар құрамы бір мектепте оқитын спортшылар қатарынан құрылады:

 

Команда құрамы

Жас санаттары

Ұлдар, қыздар

Жаттықтырушы-өкілдері

5-6 сынып (ұ., қ.)

2 ұл +1 қыз

(+1 қыз қосалқы ойыншы)

2

7-8 сынып (ұ., қ.)

2 ұл +1 қыз

 (+1 қыз қосалқы ойыншы)

2

 

Жарысқа мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Ережеге сәйкес талаптарды бұзбаған жағдайда, өздері оқитын мектептің атынан қатыса алады.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, бейіндік сыныптардың, спорт мектеп-интернаттарының және академиялардың командалары Мектеп лигасына қатысуға жіберілмейді.

Жарыс үш кезеңде өтеді:

1 кезең – мектепішілік біріншілік (қаңтар-сәуір);

2 кезең – аудан/қалалық (қаңтар-сәуір);

3 кезең – облыстық (4-6 мамыр, Өскемен қ.).

Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекция COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында пандемия кезінде барлық қатысушылар дезинфекциялық режимді және бас аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы керек.

Үстел теннисінен облыстық жарыстарға командалардың қатысуын растау (№ 1 Қосымшада), 1-ші (мектепішілік) және 2-ші (аудандық/қалалық) кезеңдерді өткізу туралы есеп (№ 2 Қосымшада) 2022 жылдың 25 сәуіріне дейін vk_ocfk@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына ұсынылады.

Байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорлары қол қойған дәрігер куәландырған өтінімдер аттестаттау комиссиясына өтетін жерге келген соң беріледі (№ 1 Қосымшада).

Өтініммен бір мезгілде өкілеттік жөніндегі комиссияға мыналар ұсынылады:

1) қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушылар үшін – туу туралы куәлік);

2) оқу орнынан анықтама;

3) фотосуреті бар спортшының жеке карточкасы (№ 1 Қосымшада).