I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. «Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини-футболдан облыстық турнир регламенті «Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини- футболдан Республикалық турнир регламентіне сәйкес әзірленді.
2. Юнифайт мини-футболдан облыстық турнирді (бұдан әрі-Турнир) өткізудің мақсаты: арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; спортпен айналысуға зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру; қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға деген көзқарасын өзгерту және назар аудару болып табылады.
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекция COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында пандемия кезінде барлық қатысушылар дезинфекциялық режимді және бас аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы керек.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және басқа да жағдайларға сәйкес турнирді өткізу тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
II. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУГЕ НҰСҚАУЛЫҚ
3. Турнирді ұйымдастыру және тікелей өткізу бойынша жалпы нұсқаулықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады. Жарыстарды тікелей өткізуді Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК (бұдан әрі- ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) бекіткен төрешілер алқасы жүзеге асырады.
III. ТУРНИРДІҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН МЕРЗІМІ
4. Турнир 2022 жылдың 27-29 сәуір күндері Өскемен қаласында өткізіледі. Командалардың келу күні — 2022 жылғы 27 сәуір, кету күні — 2022 жылғы 29 сәуір.
IV. ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРҒА РҰҚСАТ БЕРУ ШАРТТАРЫ
5. Турнирге медициналық-әлеуметтік мекемелердің (MӘМ) және арнайы мектептердің командалары өтінімдер негізінде қатыса алады (1 қосымша).
V. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ЖҮЙЕСІ
6. Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жарыстарды өткізу жүйесін төрешілер алқасы жарыстарды өткізуден бір күн бұрын айқындайтын болады. Ойын барысында алаңда 3 спортшы, 2 серіктес болуы керек. Қақпашы-спортшы.
VI. КОМАНДА ҚҰРАМЫ
7. Команда құрамы: 11 адам - 5 спортшы, 3 серіктес, 1 жаттықтырушы, 1 дәрігер, 1 команда өкілі. Ерлер, аралас командалар (ерлер есебінде жарысады) қатысуға рұқсат етіледі.
VII. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖЫНЫСЫ МЕН ЖАСЫ
8. Турнирге ерлер мен әйелдер қатысуға рұқсат етіледі. Командаларды бөлу келесі жас топтарында жүргізіледі: 15-21 жас, 22 жас және одан жоғары. 21 жасқа дейінгі спортшылар мен серіктестер арасындағы жас айырмашылығы — 5 жастан аспайды (айырмашылық спортшының ең жас жасынан саналады). 22 жас және одан жоғары санатта - 20 жастан аспайды. Серіктестердің ойын деңгейі спортшылардың ойын деңгейінен айтарлықтай аспауы керек.
VIII. НӘТИЖЕЛЕРДІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
9. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Special Olympics ережелеріне сәйкес әр жас тобындағы дивизиондар бойынша анықталады.
IХ. МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
10. Турнир ұйымдастырушылары жарыс өтетін уақытқа медициналық қызмет пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.
Х. ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІК
11. Барлық спортшылар WADA допингке қарсы кодексінің ережелерін сақтауы керек.
ХI. ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ САНДЫҚ ҚҰРАМЫ
12. Төрешілер алқасы турнирдің бас төрешісінен, хатшы мен төрешілерден тұрады.
ХII. ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
13. Өтінім қатаң түрде нысан бойынша (1-қосымша) ресімделеді, оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (MӘМ), арнайы мектептің директоры қол қояды. Өтінімдер 2022 жылғы 22 сәуірге дейін мына электрондық мекенжайға жіберіледі: vk_ocfk@mail.ru.
Уақтылы өтінім бермеген командалар жарысқа қатысуға жіберілмейді.
ХIII. НАРАЗЫЛЫҚТАР БЕРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРАУ
14. Наразылықтарды бас төрешілер алқасы жарыс аяқталғаннан кейін команда өкілінен 30 минуттан кешіктірмей қабылдайды және дереу қарайды.
ХIV. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ ТӘРТІБІ
15. Әр дивизиондағы командалар кубоктармен және дипломдармен марапатталады.
ХV. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
16. Турнирді қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырылады.
17. Іссапарға жіберу, сақтандыру, тамақтандыру, командалардың тұруы жөніндегі шығыстарды іссапарға жіберуші ұйымдар көтереді.
18. Командаларды іссапарға жіберуге (екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік), ойын формасын сатып алуға байланысты шығыстарды іссапарға жіберуші ұйым төлейді.
Байланыс телефоны: 8-7232-75-15-53.