Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 27-29 сәуір аралығында Өскемен қаласында «Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини-футболдан жарыс өткізіледі.
Юнифайт мини-футболдан облыстық турнирді (бұдан әрі - Турнир) өткізудің мақсаты: арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау, спортпен айналысуға зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру, қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға деген көзқарасын өзгерту және назар аудару болып табылады.
Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Турнирге медициналық-әлеуметтік мекемелер (MӘМ) мен арнайы мектептердің командалары өтінімдер негізінде қатыса алады.
Команда құрамы: 11 адам - 5 спортшы, 3 серіктес, 1 жаттықтырушы, 1 дәрігер, 1 команда өкілі. Ерлер, аралас командалар (ерлер есебінде жарысады) қатысуға рұқсат етіледі. Командаларды бөлу келесі жас топтарында жүргізіледі:15-21 жас, 22 жас және одан жоғары.
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекция COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында пандемия кезінде барлық қатысушылар дезинфекциялық режимді және бас аймақтық дәрігердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы керек.
Өтінім қатаң түрде нысан бойынша (1-қосымша) ресімделеді, оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (MӘМ), арнайы мектептің директоры қол қояды. Өтінімдер 2022 жылғы 22 сәуірге дейін (сканерленген) мына электрондық мекенжайға жіберіледі: vk_ocfk@mail.ru.
Өтінімдер (түпнұсқа) өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі.
Мандаттық комиссияға өтініммен бір мезгілде:
1) қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);
2) оқу орнынан анықтама.