+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қ.О. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
21 Сәу, 10:04

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 22 сәуірінде Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.

Олимпиада КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, СССР, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның құрметіне орай өтеді.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және жетілдіру, оқушыларды ұлттық мәдениетті, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, патриотизмді, азаматтылықты, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиадаға аудандық/қалалық іріктеу айналымынан өткен 9-11 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада 2 айналымнан тұрады: эссе жазу және қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша жазбаша айналым.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

Олимпиаданың басталуы – сағ. 09.00-де.

Олимпиада Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі (Қ. Бітібаева көшесі, 1) базасында өткізіледі.

Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жариялауға қызығушылық білдірген БАҚ өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпаратты Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО мекен жайы және 8 (7232) 754-212, 700-244 телефондары бойынша білуге болады.